Конкурс күнделігі

Конкурс күнделігі 

      2018 жылдың 7 тамызы күні «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурстың өткізілуіне дайындық барысы бойынша бөлім басшылары мен кафедра меңгерушілерінің есептері тыңдалған жиналыс өтті. Жиналысты «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Қайрат Ибрагим жүргізді.
Жиналыс барысында конкурстың дайындық барысы туралы бейнематериал түсіру жұмыстары, аудандық білім бөлімдерімен байланыс, аймақтық конкурсты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Білім беру ұйымдары үшін ұйымдастырылған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына өтінім қабылдау жалғасуда.
Құрметті педагогтер, конкурсқа қатысу тегін.

Мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар!

4.png6.png1.jpg5.png3.jpg2.jpg