Халықаралық ынтымақтастық аясында

 

                                                            Халықаралық ынтымақтастық аясында

2018 жылдың 17 сәуірі күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Педагогтың кәсіби дамуы Халықаралық институты» Автономиялық коммерциялық емес ұйымымен (Мәскеу, Ресей Федерациясы) бірлесе «Педагогтың кәсіби дамуы» атты  халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Іс-шараға филиалдың профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және Алматы облысының аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты.

 

Семинарды «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кенесбаев ашып, жиналған қауымға «Педагогтың кәсіби дамуы институты» директоры, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-психолог, жалпы білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Бүкілресейлік мектеп-университет кластерінің ғылыми жетекшісі ОльгаКоломиецпен таныстырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының көптеген салалар бойынша, әсіресе, білім беру саласындағы өзара ынтымақтастығына ерекше тоқталып өтті.

Пленарлық отырыс «Педагогтың кәсіби дамуы институты» Автономиялық коммерциялық емес ұйымының директоры, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-психолог, жалпы білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Бүкілресейлік мектеп-университет кластерінің ғылыми жетекшісі Ольга Коломиецтің баяндамасымен басталды. Ол өзінің «Мектепке дейінгі тәрбиешілердің педагогикалық қызметін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары, әрбір баланың білім сапасының жоғары деңгейіне жетуіне кепілдік береді» тақырыбындағы баяндамасында ауқымды мәселелер төңірегінде ой қозғап, білім беру қызметін ұйымдастырудағы оқушылар мен оқытушыларда кездесетін қиындықтарға тоқталып, кәсіби ойлауды қалыптастыру, педагогикалық қызметті жүйелі тәсіл мен қызметті идеялар негізінде дамыту жайлы пікірімен бөлісті.

Семинар барысында Ольга Михайловна «Мектепке дейінгі білім беру мұғалімі тарапынан педагогикалық қызметті жобалау және баланың жеке білім беру және ойын-сауық іс-әрекетін және мұғалімнің кәсіби қызметін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту» тақырыбында авторлық педагогикалық семинарын ұсынды. 

Сонымен қатар, қатысушылар «Мектепке дейінгі білім беру мұғалімі үшін сөйлеу мәселелерін шешу» шеберлік сабағына үлкен қызығушылық танытты.

Айта кету керек, бұл іс-шара өзара түсіністік ахуалында өтті. Аудиторияда «ашық микрофон» ұйымдастырылды, оның шеңберінде қатысушылар өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды, «Оқу және ойын іс-әрекеттерінде оқушының қателіктерін болдырмау жолдары» тақырыбында сұрақтар қойды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар жұмысын «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина қорытындылап, О.М. Коломиецке бірлескен нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді.

Шараға қатысушыларға «Педагогтың кәсіби дамуы Халықаралық институты» сертификаттары табыс етілді.

 

3.jpg6.png5.png4.png2.jpg1.jpg