Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы «Мәңгілік Ел» идеяларының ерекшеліктері

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы «Мәңгілік Ел» идеяларының ерекшеліктері

       2018 жылы 19 сәуірде   аталған тақырыпта  Қапшағай қаласы №3 орта мектебінің базасында облыстық семинар- практикум болып өтті
       Семинардың мақсаты:  Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда «Мәңгілік Ел» идеяларының сабақ үрдісіндегі ерекшеліктерін көрсету, тәжірибе алмасу арқылы ой бөлісу.
        Семинарға    «64» педагог қатысты.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиева семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырды. 

        Семинар «Мектеп-жаңалық жаршысы» атпен  мектеп фойесіндегі көрмелермен таныстырудан басталды. Таныстырылым барысында  «Дарынды оқушы - ұлт тірегі», «Спорт - ғажайып әлем», «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат»,  «Ұлт болашағы – дарынды жастар» тақырыптарында    оқушы жетістіктерін насихаттау және «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» инклюзивті білім беру тәжірибесі, «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарға арналған қойылым, «Қаңбақ шал» ертегісі бойынша бастауыш сынып оқушыларының көрінісі, сондай-ақ, мектептің дарынды оқушылар шеруі көрсетілді.

        Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мектепте «Мәңгілік Ел» идеялары негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілу барысы жайлы Қапшағай қаласы №3 орта мектебінің (директор- Жақсымбетова Г.О.) іс-тәжірибесі  көрсетілді.
              Семинардың практикалық кезеңінде оқу-тәрбие үрдісіне  «Мәңгілік ел» идеясын ұтымды кіріктіру жолдары аясында шеберлік сынып(заманауи сабақтар), тәрбие сағаттары, сондай-ақ, сыныптан тыс іс-шаралар аясында «Бала шақтан - болашаққа» тақырыбында ата-аналармен жүргізілген жұмыс көрсетілді, 10-сынып оқушылары арасында  «Мәңгілік Ел» - ұлт құндылығы» атты дөңгелек үстел мен «Өміріңнің бақытты сәттері» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг жүргізілді.

 

        «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. М.Валиева «Функционалдық сауаттылық - жеке тұлғаны әлеуметтендіретін негізгі тірек» атты коучинг өткізді.     

Семинар жұмысының қорытынды кезеңінде атқарылған  жұмыстарға  аналитикалық талдау жасалып, алда  атқарылатын  жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды.

 

 

  «Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушысы                           М.Валиева
4.png2.jpg5.png3.jpg1.jpg6.png