Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты 

    2018 жылдың 23 ақпаны күні Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында  «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі - жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты V облыстық педагогикалық оқулары өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының шығармашылық шеберлігін арттыру, үздік педагогикалық тәжірибелерді жалпылау және тарату мақсатында өткен педагогикалық оқуларға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту  әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Назима Жакыпова және 150 инженер-педагог қатысты.

  
  Педагогикалық оқуларының пленарлық мәжілісіне  «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы  баяндамамда  жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс іс-әрекетін тиімді жобалау бойынша пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен тұлғаның өзіндік жетілуін дамыту жолдары қарастырылды. Бағдарлама мақсатына жету үшін міндеттердің бірі: 

-         мұғалімдердің білім беру үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тұлғалық іс-әрекеттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын таңдау және қолдану бойынша құзыреттіліктерін арттыруға ықпал ету. Сондай-ақ, секция жұмыстарында  жаңартылған білім берудегі кедергілер және оны реттеу жолдары, халықаралық талаптарға сай білікті мамандарды қалыптастырудың жолдары талқыланды.

     Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесiне де әсер ету нәтижесінде мектептерде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қажеттiлiгі туып отыр. Қазіргі танда оқыту үрдісіне интерактивті әдіс-тәсілдер енгізілу арқылы тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, оны ұғына білуді талап етеді. Осы орайда   Алматы облыстық білім басқармасы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» бірлесе отырып, оңтайлы мазмұнды істерді жүзеге асыруда.

5.png1.jpg4.png6.png2.jpg3.jpg