БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ КОНТЕКСТІНДЕ

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ КОНТЕКСТІНДЕ 

2018 жылы 1 ақпаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарына сәйкес Алматы облысы, Сарканд ауданының Ақын Сара атындағы орта мектебінде Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Р.Н.Көшербаевтың ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламаларын жаңарту контекстінде орыс тілі әдебиеті мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру» атты аймақтық семинар өтті.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдерді оқытудың оң тәжірибесіне негізделген семинарға Қапшағай, Сарқан, Көксу, Ескелді, Іле аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.  

            Іс-шара аясында 4 сабақ, 4 шебер сынып көрсетіліп, мұғалімдердің баяндамалары тыңдалды.

 
     Шара қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» сертификаттарымен марапатталды, ал белсенділігімен көзге түскен педагогтарға алғыс хат, құрмет грамоталары табыс етілді.

 

3.jpg4.png5.png2.jpg1.jpg6.png