СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

 

   Ағымдағы жылдың 24 қаңтары күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы талқыға түскен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері – «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысты.

     Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдар докторы, доцент Толқын Ауелгазина ашып, бағдарламалық құжатта мемлекет дамуының маңызды басымдықтары бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл Жолдау білім беру жүйесін жетілдіруге тікелей байланысты, оның басты міндеті қазіргі кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеу және тәрбие сапасын уақыт талабына сәйкес жетілдіру болып табылады. Оған қоса, Елбасының «мұғалімдердің біліктілігін көтеру мен дамытудың тәсілдерін қайта қарау қажет» деген сөзі біздің институттың қызметімен тікелей байланысты.
 
   Жолдаудың негізгі бағыттары туралы «Ғылыми-жаратылыстану пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Тұрар Өмірзақов баяндама жасап, төртінші индустриалды революция жағдайында елдің дамуына қатысты стратегиялық маңызды құжаттың басымдылығын, Мемлекет басшысы 10 негізгі міндетті іске асыруды белгілегендігін атап өтті. Баяндамашы Жолдаудың жетінші басымдығына, яғни Ұлт көшбасшысы білімнің барлық деңгейлерін дамыту арқылы экономиканың қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс адами капиталдың жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін мақсатты жүйе құру керек екеніне тоқталды. Сонымен қатар, мұғалім мамандығының беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінетіндігін айтты. 

     Дөңгелек үстелдің қатысушылары бағдарлама құжатын белсенді талқылап, Мемлекет басшысының бастамалары, мақсаттары мен міндеттерін бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Институт қызметкерлері сондай-ақ, «Төртінші индустриалдық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауы – жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты нақты практикалық істердің бағдарламасы болып табылатындығын жеткізді.

 

 

2.jpg3.jpg1.jpg5.png6.png4.png