Еліміздің басты мерекесіне орай

Еліміздің басты мерекесіне орай 

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік!»  атты мерекелік іс-шара өтті.

     Салтанатты жиынды институт директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Серік Кенесбаев алғы сөзімен ашты. Директордың  ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдар докторы, доцент Толқын Ауелгазина және директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Қайрат Ибрагим институт ұжымын еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

   Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ләззат Орманбекова «Тәуелсіздік идеясының алтын қазығы», Тәрбие және тұлғаны  әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Майра Ахметова «Мәңгілік елдің іргетасын бірге қалайық» тақырыбында баяндама жасады.

  

Шара барысында бірқатар институт қызметкерлері «Өрлеу» «БАҰО» АҚ және филиалдың кәсіподақ ұйымының атынан алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталды.

6.png3.jpg2.jpg5.png4.png1.jpg