Белсенді әдістерді қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану жолдары

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Белсенді әдістерді қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану жолдары

 

     Қазіргі  уақытта  көңіл  аударуды  қажет  ететін  мәселе – жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша биылғы жылы енген білім  беру  тәжірибесі.

     Осы мақсатта 2017 жылдың 22 қыркүйегі күні  институттың 2017 жылғы Жедел жоспарына сәйкес Талғар ауданы №7 орта мектеп-лицейінде «Белсенді әдістерді қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану жолдары» тақырыбында облыстық  шебер сынып

 

болып өтті.Шеберлік-сыныптың мақсаты мен міндеттері:пән мұғалімдеріне белсенді әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдануды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.

    Шебер сыныпты облыс педагогтері үшін институттың ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Л.Орманбекова  ұйымдастырды. Шебер сыныпқа облыс бойынша 100 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.Пән мұғалімдері 7 шебер сынып бойынша сабақтарға қатысты. Өткізілген шебер сыныптардағы сабақтар бойынша Талғар ауданы №7 лицейдің тәжірибелі ұстаздары Дәрменқұлова Ғалия, Бейсембина Марфуға,№45 орта мектеп-гимназияның мұғалімдері Иманғали Өркен мен Абдикожаева Зекеннің сабақтары үздік деп  танылды.

     Шеберлік сыныптарынан сон институттың аға оқытушысы Л.Орманбекова «Белсенді әдістерді қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану жолдары»тақырыбында  коучинг жүргізді.Коучингке пән  мұғалімдері тартылып, қызығушылықпен өздері сабақ барысында кездесетін кедергілерді шешу жолдарын үйренді.

    Нәтижесінде  пән мұғалімдерінің білім сапасы артты, мұғалімдер  белсенді әдіс-тәсілдерді  тапсырмаға кіріктіріп, сабаққа қолдануды үйренді, сабақта оқушылардың ынталануына ,критериалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізді.

  Орманбекова Л.Ж., институттың аға оқытушысы

5.png3.jpg2.jpg4.png6.png1.jpg