ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

 

         2017 жылдың 24 тамызы күні Талдықорған қаласында Алматы облыстық педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі болып өтті.

         Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында 2017-2018 оқу жылына арналған жалпы білім беретін орта мектептердегі білім берудің стратегиялық бағыттарын айқындаған кеңесте пленарлық кеңестен соң секция жұмыстары жүргізілді. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы дарынды және талантты балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесінің тиімді жолдарын ұсынған №5 секция жұмысына облыстық білім беру ұйымдарының 20 директоры қатысты. Секция жетекшісі – Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің инновация және орта білім бөлімінің жетекшісі Досаева Э.Т., модераторы – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы  Л.Ж. Орманбекова.

         Алғашқы кіріспе сөзді «Жаңартылған білім беру аясында білім сапасын жетілдіруде мектеп басшысының рөлі» тақырыбында Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің инновация және орта білім бөлімінің жетекшісі Досаева Э.Т. бастады.

         Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі шығармашыл тұлға қазіргі білім беру стратегиясының  негізгі мақсат-мұраты. Осы мақсатты мұрат еткен Есік» «Білім-инновация»лицей-интернаты директорының орынбасары Сәулембеков А.Р. жаһандану жағдайында білім кеңістігіндегі үштілділіктің маңызына тоқталды. Дарынды балалардың  қабілетін дамыту мүмкіндіктері жайлы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған әл-Фараби атындағы арнаулы гимназия директоры Сауранбаева Б.Н.,айтса, мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың практикалық түрін осы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елшиманова Г. жүргізді.

    Тек қана дарынды балаларға арналған арнаулы гимназиялардың жұмыстарымен бірге ауыл мектебі жағдайында жұмыс жүргізіп жатқан Көксу ауданы Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп гимназиясының директоры Төлекенов М.Б. да өз мектебіндегі дарынды және талантты балалармен жүргізіліп жатқан келелі істері туралы шеберлік сыныбын өткізді.

Секция соңында білім мазмұнын жаңарту аясында дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізіу ерекшеліктері туралы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы  Орманбекова Л.Ж. өз таныстырылымын көрсетті.

Секция соңында мектеп басшылары дарынды және талантты балаларды оқыту жөнінде келелі пікір алысты. Жаңа оқу жылын жоспарлау бойынша дарынды және талантты балаларды оқытудың  тиімді жолдарын талқылады.
2.jpg3.jpg6.png5.png4.png1.jpg