Мектепке дейінгі білім беру – балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі маңызды қадам

Мектепке дейінгі білім беру – балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі маңызды қадам

 

 

Елімізде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап  мектепалды дайындық сыныптарына бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу жоспарлануда. ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі білім мекемелеріндегі мектепалды дайындық топтары мен сыныптарына бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу ісін қолға алып жатыр. Бұл кезеңде, балалар «Әліппе» («Букварь») толықтай меңгеруі тиіс.

Осы орайда «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы А.Т.Тұралбаева мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының педагогтарына арналған қысқамерзімді курс кезінде п.ғ.д., профессор, «Әліппе» оқулығының авторы С.Н.Жиенбаевамен кәсіби-шығармашылық сипаттағы кездесу ұйымдастырды. С.Н.Жиенбаева тыңдаушыларды оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттерімен таныстырды.

 

Курс тыңдаушылары тілдің фонетикалық және графикалық жүйесін игеру барысында балаларды оқылым мен жазылым дағдыларын меңгеруге даярлау және қарастырылатын міндеттері: фонематикалық есту мен қабылдауды дамыту; сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру, алдағы сауат ашу негіздеріне үйрету үшін және дыбыстық талдау әрекеттерін қалыптастыру; қолдың ұсақ моторикасын дамыту; дыбыстық талдау мен жинақтау әрекетін қалыптастыру; тіл, сөйлем, сөз, буын, екпін, дыбыс және әріп туралы түсінікті қалыптастыру жайлы тың ақпаратқа ие болды.
Профессор С.Н.Жиенбаева іс-шараны ұйымдастырушы – Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, бұл кездесу – «Өрлеу» «БАҰО» тыңдаушыларына арналған оқулықтың алғашқы таныстырылымы деп атап өтті.

5.png4.png3.jpg2.jpg1.jpg6.png