Кезекті ғылыми кеңес өтті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

Кезекті ғылыми кеңес өтті

2017 жылдың 11 шілдесі күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Операциондық Жоспарына сәйкес №2 Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысын Ғылыми кеңес төрағасы, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры, педагогика ғылымдарының докторы Серік Кеңесбаев ашып, кеңес мүшелерін күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Ғылыми кеңестің күн тәртібіне төмендегі төрт мәселе шығарылды:

  1. Педагогикалық эксперимент жағдайындағы оқыту сапасы нәтижелерінің мониторингісі (Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы А.Сариевтің ақпараты);
  2. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді іске асыру жолдары (Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Ж.Жунусованың ақпараты);
  3. Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері (Басқару сапасы және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы А.Самарқанованың ақпараты);
  4. Актуальные проблемы патриотического воспитания молодежи в системе образования Республики Казахстан (Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы М.Ахметованың ақпараты).

Жиын барысында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.Ауелгазина 2017 жылдың І жартыжылдығындағы ғылыми-зерттеу қызметі жайлы баяндама жасап, филиалдың ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру үшін алда атқарылуға тиісті жоспарларға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ Ғылыми Кеңес мүшелері аталған мәселелер төңірегінде ой қозғап, өзара пікіралысты.

 Барлық мәселелер бойынша сәйкесті шешімдер қабылданды. Ғылыми кеңес шығармашылық деңгейді өтті. Ғылыми кеңес мәжілісінің қорытындысы нәтижелі деп танылды.

4.png6.png3.jpg2.jpg5.png1.jpg