«АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЕЛОРДАСЫ» атты САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

«АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЕЛОРДАСЫ» атты
САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС

 

 «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Астана күні мерекесі қарсаңында «Астана – тәуелсіздіктің елордасы» атты салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараны ашқан филиал директорының ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын бұл мерекенің еліміз үшін тарихи-мәдени мәні жоғары екендігіне тоқталып, Астана қаласы Қазақстан Республикасының жетістіктерінің басты символы деп баса айтты.

Сонымен бірге, Қазақстан мен оның елордасы Астананың дамуы жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және «Нұр Отан» партиясының  маңызды рөлін атап, Астананың салынуы арқылы бізді бүкіл әлем танығандығына кеңінен тоқталды.

Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Өмірзақов Тұрар бұл мерекенің тарихы жайлы айта отырып, 25 маусымда 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген Астана күнін ҚР Мәжілісінің бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №47-IV  Заңына сәйкес белгіленгендігін атап өтті.   

Кездесуге қатысушылар еліміздің астанасы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Алмаш Тұралбаеваның айтуы бойынша Астана күні мерекелеу қарсаңында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтіп жатқандығы да бекер емес. Бұл халықаралық көрмеге –  «Болашақ энергиясы» бағытындағы жаһандық тәжірибе алмасу алаңында 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, елорда төрінде баламалы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа жетістіктері мен тың жобаларын таныстырды.
4.png5.png3.jpg2.jpg6.png1.jpg