МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ – ҰЛЫ ДАЛА МҰРАТЫ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

  

МӘҢГІЛІК ЕЛ  ИДЕЯСЫ – ҰЛЫ ДАЛА МҰРАТЫ

 

2017 жылдың 20 маусымы күні «ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен Алматы облысы, Панфилов ауданы А.Розыбакиев атындағы орта мектепте «Мәңгілік ел идеясы – ұлы дала мұраты» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараға облыс көлемінен 78 педагог қатысты.

          Семинардың мақсаты – мектеп оқушыларының Мәңгілік Ел құндылықтары негізінде құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздерін анықтау және оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыра отырып елін, жерін сүйетін Мәңгілік Елдің ұландарын  тәрбиелеу.

          «ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚфилиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. М.У.Валиева семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды  жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырды.

Семинар барысында  «Мәңгілік ел идеясы – ұлы дала мұраты» атты  баяндама және «Мінсіз тұлға» 

моделін жобалау мақсатында «шығармашылық серіктестік» орта қалыптастыру, «Мәңгілік ел құндылықтары – мектеп оқушыларының  құзыреттілігін дамыту шарты» тақырыптарында коучинг ұйымдастырылды. Панфилов ауданы, А.Розыбакиев атындағы орта мектебі оқушыларының  Мәңгілік ел құндылықтары негізінде  құзыреттілігін дамытудағы іс-тәжірибесі таныстырылды. Атап айтқанда: «Көптілді оқыту – заман талабы» тақырыбы аясындадағы тілдік лагердің тынысы; «Ғажайып алаң», «Дарын» орталығының жұмысы; «Адал ұрпақ, парасатты азамат» Еріктілер клубының жұмысы; «Компьютерлік программалау» мультимедиа кабинетінің мүмкіндіктері; «Мәңгілік Ел ұрпақтары – дарынды» атты оқушылар шығармашылығы; «Ширек ғасыр сыр шертеді» тақырыбы бойынша  жұмыстар т.б.  
 

Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға  мектеп оқушыларының  Мәңгілік ел құндылықтары негізінде құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздерін практикаға енгізу бағытында әдістемелік нұсқау берілді. Мәңгілік ел идеясы бағытында оқушылардың құзыреттілігін дамыту бағытындағы мектептің іс-әрекеті  практикалық тұрғыда көрсетілді.

 Семинар соңында атқарылған  жұмыстарға  аналитикалық талдау жасалып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздар институт тарапынан Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен марапатталды.

5.png1.jpg3.jpg4.png6.png2.jpg