БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ

2017 жылдың 14 маусымы күні Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы №35 орта мектеп-гимнасиясында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» операциондық жоспарына сәйкес «Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

 Республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты – жаңартылған бастауыш мазмұны бойынша ғылым мен практиканың байланысын нығайту, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шығармашылық жолындағы жұмыстарын талқылау.

 

Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ ғалымдары мен оқытушылары, Астана, Алматы қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстық, аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, жалпы саны  220 педагог қатысты.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директорының  ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғ.д., доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы  семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндеті және кезеңдерімен таныстырып өтті.

Ғылыми-әдістемелік семинар 3 кезеңді қамтыды. I кезеңде ғылыми-практикалық мәселелер талқыланып,Толқын Құдайбергенқызы  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды ғылыми жобалар дайындауға баулудың әдіснамалық негіздері» атты баяндамасында «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, әр баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілеті мен икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесудің  маңызы ерекше», - екендігін атап көрсетті.

Семинар жұмысы барысында «Сауат ашу оқулығын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері», «Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі», «Жаңартылған бағдарлама аясында математика пәнін оқу- әдістемелік кешенінің ерекшеліктері», «Особенности УМК математики 2 класса по обновленной программе. Анализ, сравнение, решение задач простой и в косвенной форме», «Қазақ тілі оқу-әдістемелік кешені - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы» тақырыптары бойынша  ғалымдар мен мұғалімдердің ынтымақтастық мектебінің жұмыстары тыңдалды.  

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының ғалымдары және оқулық авторлары, атап айтқанда п.ғ.д.,  профессор, Сауат ашу оқулығының авторы Жұмабаева Азия Елеупанқызы, п.ғ.д., профессор Амирова Әмина Слямханқызы, п.ғ.к., доцент Акпаева Асель Бакировна, сондай-ақ, «Алматы кітап» баспасы әдіскері Лекерова Фарида Сағатқызы мұғалімдермен жаңартылған бағдарлама аясында ой бөлісті.

«Кәсіби диалогтік ашық алаң» атты II кезеңде семинарға қатысушылар атқарылып жатқан жұмыстар, кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдары жайлы өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тың ойлар айтып, пікірлерін білдірді.

         Семинардың III кезеңі «ҚМЖ шеберханасы» форматында өтіп, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі, Ph.D Туралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы семинарға қатысушы мамандардың  ғылыми және педагогикалық шығармашылық жұмыстарының көрсеткіші ретінде кез-келген пәннен ҚМЖ ұсынғанын айта келе, ҚМЖ шеберханасындағы үлгілі іс-тәжірибе авторларын атап өтті.

Семинарды институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Т.Қ.Ауелгазина қорытындылап, аталған іс-шара барысында құнды әдістемелік тәжірибелерімен бөліскендері үшін қатысушыларға ризашылығын білдіріп, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Құрмет грамоталарымен марапаттады,  алғыс хат, сертификаттар  тапсырды.

Сонымен қатар, модератор семинардың материалдары электрондық жинақта «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» сайтында (http://www.orleu-almobl.kz.) PDF форматында жарияланатындығын  айтып өтті.

 

 

4.png1.jpg3.jpg6.png2.jpg5.png