Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері

 

        Алматы облысы, Іле ауданы, № 28 мектеп-гимназия базасында 2017 жылдың 6 мамыры күні «Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Облыстық семинарға  Іле, Кербұлақ, Панфилов, Қарасай аудандарының география және химия пәні мұғалімдері қатысты.  

Семинардың мақсаты – критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы оқушылардың оқу жетістігін дамыту.

Семинардың міндеті:

-         оқу мақсатына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдану;

-         критериалды бағалау жүйесінің түрлерін талдау арқылы оқыту әдістерін пайдалану;

-         қалыптастырушы және жинақтау бағалау үрдісін сабаққа енгізіп айқындау;

-         география және химия пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы.    

 

     Пән мұғалімдері оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесін енгізудің әдіснамалық негіздерін, критериалды бағалау жүйесінің түрлерін талдауды, оқытудың оқу жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістерін және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту құралы ретінде тиімді әдіс тәсілдерді қолданып  баяндама жасалып, коучинг, панарамалық сабақтар жүргізді. Мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, семинар соңында қатысушыларға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры, п.ғ.д., профессор С.Кенесбаевтың атынан  алғыс хат, сертификаттар және грамоталар табыс етілді.

 

 

Л.Д.Адыбаева,
Ғылыми-жаратылыстану - (гуманитарлық) пәндерін
оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар
 кафедрасының аға оқытушысы
1.jpg4.png3.jpg6.png2.jpg5.png