КӨПҰЛТТЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

КӨПҰЛТТЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

 

Баланың этномәдени құзыреттілігін қалыптастыруда мектеп маңызды орынға ие, өйткені  жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда балаға әдеп нормаларын сақтау мен мәдени құндылықтарды құрметтей отырып өмір сүруге үйретеді.

         2017 жылдың 6 сәуірі күні Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі базасында «Көпұлтты білім беру ортасы этномәдени құзыреттілігін қалыптастырудың алғышарты» тақырыбында тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушылар, психологтар (жалпы – 38) қатысқанаудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – көпұлтты білім беру ортасы арқылы оқушылардың этникалық және мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ете алу мүмкіндігін көрсету, көпұлтты қазақстандық қоғамның құндылықтары негізінде педагогтардың шығармашылық орта құра алу, топта жұмыс жасауға үйрету, шешім қабылдау және оқушы тәрбиесі жайлы сұрақтарға белсенді атсалысуға шақыру.

 

 

Іс-шара модераторы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Ж.Е. Ермұхамедова оқушыларды этникалық және мәдени плюрализм негізінде өзара этникалық толеранттылық пен сыйластыққа баулу, көпұлтты ортада өмір сүруге қабілетін қалыптастыру, басқа этникалық қоғамдастықтардың мәдениеттері туралы білімді меңгерулеріне баса назар аударды.

 

 

 

Семинар барысында видеоматериалдарды көру және талқылау, кластерлік кілт сөздерді құрастыру, этномәдени адам моделін құрастыру үшін шығармалық тапсырмаларды орындау тәрізді жұмыстың белсенді түрлері мен тәсілдері қолданылды. Жоба қорғау презентация, рөлдік ойындар, постерлер т.б. арқылы жүзеге асты.

Семинардың келесі бөлімінде шебер-сыныптар ұйымдастырылып, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізілді.

 

 

Семинар қорытындысы бойынша рефлекция жүргізіліп, қатысушылар алған білімдерін алдағы уақытта тиімді қолданатындықтарын, өз тәжірибелерінде сынап көретіндіктерін айтты.

Жалпы, жұмыс коллаборативті ортаға арнап ұйымдастырылғандықтан, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызып, шығармашылық идеялардың сындарлы алмасуларына қолдау көрсетілді.
5.png2.jpg3.jpg6.png4.png1.jpg