Халықаралық ынтымақтастық аясында

 

                                                            Халықаралық ынтымақтастық аясында

2018 жылдың 17 сәуірі күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Педагогтың кәсіби дамуы Халықаралық институты» Автономиялық коммерциялық емес ұйымымен (Мәскеу, Ресей Федерациясы) бірлесе «Педагогтың кәсіби дамуы» атты  халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Іс-шараға филиалдың профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және Алматы облысының аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты.

 

Семинарды «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кенесбаев ашып, жиналған қауымға «Педагогтың кәсіби дамуы институты» директоры, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-психолог, жалпы білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Бүкілресейлік мектеп-университет кластерінің ғылыми жетекшісі ОльгаКоломиецпен таныстырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының көптеген салалар бойынша, әсіресе, білім беру саласындағы өзара ынтымақтастығына ерекше тоқталып өтті.

Пленарлық отырыс «Педагогтың кәсіби дамуы институты» Автономиялық коммерциялық емес ұйымының директоры, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-психолог, жалпы білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Бүкілресейлік мектеп-университет кластерінің ғылыми жетекшісі Ольга Коломиецтің баяндамасымен басталды. Ол өзінің «Мектепке дейінгі тәрбиешілердің педагогикалық қызметін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары, әрбір баланың білім сапасының жоғары деңгейіне жетуіне кепілдік береді» тақырыбындағы баяндамасында ауқымды мәселелер төңірегінде ой қозғап, білім беру қызметін ұйымдастырудағы оқушылар мен оқытушыларда кездесетін қиындықтарға тоқталып, кәсіби ойлауды қалыптастыру, педагогикалық қызметті жүйелі тәсіл мен қызметті идеялар негізінде дамыту жайлы пікірімен бөлісті.

Семинар барысында Ольга Михайловна «Мектепке дейінгі білім беру мұғалімі тарапынан педагогикалық қызметті жобалау және баланың жеке білім беру және ойын-сауық іс-әрекетін және мұғалімнің кәсіби қызметін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту» тақырыбында авторлық педагогикалық семинарын ұсынды. 

Сонымен қатар, қатысушылар «Мектепке дейінгі білім беру мұғалімі үшін сөйлеу мәселелерін шешу» шеберлік сабағына үлкен қызығушылық танытты.

Айта кету керек, бұл іс-шара өзара түсіністік ахуалында өтті. Аудиторияда «ашық микрофон» ұйымдастырылды, оның шеңберінде қатысушылар өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды, «Оқу және ойын іс-әрекеттерінде оқушының қателіктерін болдырмау жолдары» тақырыбында сұрақтар қойды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар жұмысын «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина қорытындылап, О.М. Коломиецке бірлескен нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді.

Шараға қатысушыларға «Педагогтың кәсіби дамуы Халықаралық институты» сертификаттары табыс етілді.

 

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы «Мәңгілік Ел» идеяларының ерекшеліктері

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы «Мәңгілік Ел» идеяларының ерекшеліктері

       2018 жылы 19 сәуірде   аталған тақырыпта  Қапшағай қаласы №3 орта мектебінің базасында облыстық семинар- практикум болып өтті
       Семинардың мақсаты:  Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда «Мәңгілік Ел» идеяларының сабақ үрдісіндегі ерекшеліктерін көрсету, тәжірибе алмасу арқылы ой бөлісу.
        Семинарға    «64» педагог қатысты.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиева семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырды. 

        Семинар «Мектеп-жаңалық жаршысы» атпен  мектеп фойесіндегі көрмелермен таныстырудан басталды. Таныстырылым барысында  «Дарынды оқушы - ұлт тірегі», «Спорт - ғажайып әлем», «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат»,  «Ұлт болашағы – дарынды жастар» тақырыптарында    оқушы жетістіктерін насихаттау және «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» инклюзивті білім беру тәжірибесі, «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарға арналған қойылым, «Қаңбақ шал» ертегісі бойынша бастауыш сынып оқушыларының көрінісі, сондай-ақ, мектептің дарынды оқушылар шеруі көрсетілді.

        Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мектепте «Мәңгілік Ел» идеялары негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілу барысы жайлы Қапшағай қаласы №3 орта мектебінің (директор- Жақсымбетова Г.О.) іс-тәжірибесі  көрсетілді.
              Семинардың практикалық кезеңінде оқу-тәрбие үрдісіне  «Мәңгілік ел» идеясын ұтымды кіріктіру жолдары аясында шеберлік сынып(заманауи сабақтар), тәрбие сағаттары, сондай-ақ, сыныптан тыс іс-шаралар аясында «Бала шақтан - болашаққа» тақырыбында ата-аналармен жүргізілген жұмыс көрсетілді, 10-сынып оқушылары арасында  «Мәңгілік Ел» - ұлт құндылығы» атты дөңгелек үстел мен «Өміріңнің бақытты сәттері» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг жүргізілді.

 

        «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. М.Валиева «Функционалдық сауаттылық - жеке тұлғаны әлеуметтендіретін негізгі тірек» атты коучинг өткізді.     

Семинар жұмысының қорытынды кезеңінде атқарылған  жұмыстарға  аналитикалық талдау жасалып, алда  атқарылатын  жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды.

 

 

  «Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушысы                           М.Валиева

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

         2017 жылдың 1 ақпаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары  Д.А.ҚАРТБАЕВА, Т.И.ЕРНАЗАРОВТЫҢ ұйымдастыруымен Алматы облысы, Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінде «Білім мазмұнын жаңарту – заман талабы» атты жаратылыстану білім беру саласы пәндері бойынша аймақтық семинар өтті.

Мақсаты: Оқушыларда  ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті білімдері мен біліктерін қалыптастыру. 

Семинар барысындамұғалімдерде тұжырымдамалық түсінік пен тәжірибелік дағдылар жетілдіру мақсатында ашық сабақтар өткізіліп, оған 40-тан астам пән мұғалімдері қатысты. Мұғалімдер әр сабақ соңында жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін ескеру жолдарын талқылап, өз ұсыныстарымен бөлісті. Биология, химия және физика пәні мұғалімдері  өзара тәжірибе алмасып, сын тұрғысынан ойлау (рефлексия) дағдыларын, өзін-өзі жетілдіру қабілетін дамыту жолдарымен танысты.

Семинар нәтижесіндемектеп мұғалімдері  кәсіби қоғамдастық аясында белсенді жұмыс істеудің тиімділігі, мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарында тиімді пайдалану арқылы алған білімдерін өз тәжірибелеріне енгізу жолдарын түсінді деп ойлаймыз.

ОҚЫТУ МЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

ОҚЫТУ МЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ

ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ

 

         2017 жылдың 31 қаңтары күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен Алматы облысы, Талғар ауданы, №28 орта мектебінің базасында педагогтерге әдістемелік көмек беру бағытында  «Оқыту мен іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдемелердің қолданбалы аспектілері» атты оқыту семинары өтті.

Семинардың  мақсаты – мұғалімдерге оқыту мен іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдемелердің қолданбалы аспектілерін түсіндіру, мектеп   оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беруді   жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың  заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісу, мағлұмат беру.

         Оқыту семинарына жалпы 76 педагог, оның ішінде  3 – мектеп директоры,   8 – директордың ОІЖО, 65 – мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында «Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы мұғалімнің инновациялық қызметі және   белсенді оқу қағидаттары» тақырыбында теориялық  мағлұмат берілді. «Оқушылар қызметін ұйымдастыру және функционалдық сауаттылығын дамытудағы Блум таксономиясының рөлі және оны оқу-тәрбие үдерісіне енгізу жолдары» тақырыбында дәріс оқылып, тренинг жүргізілді. Сондай-ақ, «Оқыту жетістіктерін бағалаудағы критериалды бағалаудың тұжырымдамалық ерекшеліктері» атты тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, түсініктер мен әдістемелік нұсқау берілді.

         Семинар жұмысы атқарылған  жұмыстарға  аналитикалық талдау жасау, ой бөлісу, алда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды. Оқыту семинарына қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін ұстаздарға арнайы КУӘЛІК тапсырылды.

         Семинар бағдарламаға сай өткізіліп, жоспарланған жұмыстар толығымен іске асты.         

Валиева Майра,
Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы















ӨЗАРА БІЛІМ АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

ӨЗАРА БІЛІМ АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ

 

        

         «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Жедел  жоспарына сәйкес Деңгейлі бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25 қаңтары күніАлматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,  Жаңашар ауылындағы Т. Рысқұлов атындағы орта мектепте «Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар  өтті.

         Модераторлар – ДБО жетекшісі, тренер Л.С.Дүйсембекова, тренер А.Т.Мамырова.

        Семинардың мақсаты – Деңгейлі курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру және тарату.

                                                            

 Семинарың ашылуы

 Деңгейлі бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағамдау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің жүзеге асырылатынына негізделеді. Соның ішінде диалог та Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер негізінде қарастырылады. Диалогтік оқыту – оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін әдістердің тиімді түрі. Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытуда диалогтік оқыту үлкен рөл атқарады.         

 

Семинаржұмысының бағыттары:барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару.

Семинардың пленаралық мәжілісінде білім беру мекемелерінің қызметкерлері, Алматы облыстық Ш. Смағұлов ат ДБАМФМММ мұғалімі  Шыныбаева А.К., Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің әдіскері Нусупбаева Т., Райымбек ауданының білім бөлімінің әдіскері Толымбекова Н.К., Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп директоры Ислам Р.Т. және т.б. өз ойларымен бөлісті.

Семинар барысында тренинг, коучинг, шеберлік сабағы өткізілді. Сондай-ақ,Райымбек ауданы М.Мақатаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Рахым Е. «Ұлттық ойындар негізінде жасақталған талқылау құралдары» тақырыбында, Жамбыл  ауданы Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектептің химия, биология пәнінің мұғалімі Адият М. «Жаратылыстану пәндеріне ағылшын пәнін кіріктіріліп оқытудағы диалогтік оқытудың  тиімділігі» тақырыбында шеберлік сабақтарын көрсетті. Сабақтар көпшіліктің көңілінен шығып, өзектілігімен ерекшеленді.

Райымбек ауданы Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тағаева А. өткізген  «Сыныптағы диалогты оқыту арқылы оқушылардың рефлексия жасауын қалыптастыру» шеберлік сабағына мұғалімдер ерекше қызығушылық танытып, белсене қатысты.  

  

2-секция жұмысы барысындағы пікір алмасу.

Секция жетекшілері: тренер Амирова К.К.,  Ш.Смағұлов ат. ДБАМФМММ мұғалімі  Шыныбаева А.К.

 

 

Оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы жүргізілген сабақтар оқушылар үшін ғана емес, қатысушы мұғалімдер үшін де аса қызықты, пайдалы болды.  Әр сабақ өзінше қызықты, өзінше тартымды өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды ынтамен орындап отырды. Барлық тәлім алушы сабақтары мен шеберлік сабақтары қатысушылардың жоғары бағасын алды.

 

 3-секция жұмысы

Секция жетекшілері: тренер Токушева Ғ.М., тренер Аблесенова С.Г.

 

 4-секция жұмысы

Секция жетекшілері: тренер Саметова Ж.Х, тренер Жакыпова Н.Б.

 

Мұғалімдер әдістемелік семинардан көп пайдалы мәліметтер  алғандықтарын, оқушылармен жұмыстың жаңа формаларын үйренгендіктерін, шығармашыл, ізденімпаз, әріптестерінен диалогтың сабаққа тиімді қолдану жолдарын үйренгендіктерін айтып жатты.

 

 

Марапаттау сәті

Семинар соңында ұсыныстар айтылды, өз тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге грамоталар, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
5.png1.jpg4.png2.jpg3.jpg6.png